Новости на Newstaraz.

Тоқаев сенат сайлауын 14 қаңтарға белгіледі

newstaraz.kz

26 қарашада Астанада салтанатты рәсімде ант беріп, «президент қызметіне кіріскен» Қасым-Жомарт Тоқаев бес жарлыққа қол қойды. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев сенат сайлауын 2023 жылдың 14 қаңтарға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Сенат сайлауы келесі жылы парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының жартысының өкілет мерзімінің бітуіне байланысты жарияланып отыр.

Елде сенат әрбір облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалардың әрқайсысынан екі депутаттан жасақталады. Он депутатты (жуырдағы өзгерістерге дейін олардың саны 15 болған) президент тағайындайды. Қазақстанда сенат депутаттарын жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды.

Тоқаев сенбі күні сонымен бірге «елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару», «жоғары аудиторлық палатасы», президенттің «сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру», «ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» туралы жарлықтарға қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, елден заңсыз шығарылған заңсыз активтерді қайтару үшін арнайы қор құрылып, келіп түскен активтер соған жинақталады. Ондағы қаражат «халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға» жұмсалмақ. Бас прокуратурада активтерді қайтарумен айналысатын бөлім ашылмақ.

2022 жылдың 31 наурызына дейін мемлекеттік органдарға активтерді қайтару ауқымын анықтайтын және алдағы уақытта мемлекет ақшасын сыртқа заңсыз шығаруға кедергі келтіретін тетіктерді қалыптастыратын заң жобасын әзірлеу тапсырылды. Жарлыққа сәйкес, активтерді қайтару процесі ашық жүргізілуі тиіс.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасынан кейін елде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әулетінің «ұрлаған қаржысын» елге қайтару мәселесі жиі көтеріле бастаған еді. Елде «миллионерлер, байлар» деген ұғымы көбіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен айналасындағы адамдарға қатысты қолданылады. Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы әлсіреп, оның туыстары мен маңындағы шенеуніктердің қызметтен алынғаны туралы ақпарат жиілеген.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын комиссия құрылатынын айтқан. Маусымда бұл комиссия елге 500 миллион доллар қайтарылғанын мәлімдеді. Осыған дейін билік бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар туыстарының мүліктері «мемлекетке қайтарылғанын да» хабарлаған. Алайда сарапшылар Назарбаевтардың шетелдегі мүлкін биліктің тәркілеуі екіталай, ол үшін үкіметке біршама ресурс жұмсауға тура келеді деп санайды. Кейбір бақылаушылар қайтару процесінің тиімді жүзеге асатынына да күмән келтіреді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »