Новости на Newstaraz.

Вице-министр: Сайлауды өткізуге атсалысқан мұғалімдерге ақша төленеді

newstaraz.kz

4 желтоқсанда парламенттің төменгі палатасы «педагог мәртебесі туралы заң жобасын» мақұлдады. Заң жобасына депутаттар енгізген түзетулер жайлы қорытынды есеп әзірлеген депутат Әбдіманап Бектұрғановтың айтуынша, жобаға 260-қа жуық түзету келіп түскен. Жұмыс тобы оларды қарастырып, шешім қабылдаған.

Кейбір негізгі түзетулер мыналар:

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді;
Халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру қарастырылған;
Ауылдық жерлерде тұратын мұғалімдерге жер телімін алуда басымдық беру;
ЖОО-дан басқа білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру көзделген.
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға міндеттеу айыппұлмен жазаланады. Сайлауды өткізу шараларына қатысқан мұғалімдер жұмыстан босатылып, оларға сол үшін қосымша қаржы төленеді. Бұл қаржы орталық сайлау комитетінің бюджетінен қарастырылады. Бибігүл Асылованың айтуынша, бірақ сайлауды өткізу шарасына қатысу-қатыспау — әр мұғалімнің өз еркі.

Заң жобасы авторларының айтуынша, жобаның мақсаты — «білім беру заңнамасында олқылықтарды жою, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту, мұғалімдерді негізсіз тексерулерден қорғау, педагог мәртебесін реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді жетілдіру».

Қазақстанда мұғалімдер міндетінен тыс жұмысқа жегілетіндерін, директорлар мемлекеттік газеттерге қинап жаздыратынын айтып, жиі шағымданады. 2017 жылы елдегі мұғалімдер Астанадағы ЭКСПО көрмесіне күштеп билет алғандарын жеткізген.

Қазақстанды 30 жыл басқарып, биыл президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев та бұған дейін бірнеше рет «жергілікті биліктің барлық жұмысты мұғалімдер мойнына артып қоятынын» сынаған.​ Парламентте де депутаттар бұл мәселені көтерген. Бірақ мұғалімдер әлі күнге дейін еркінен тыс жұмысқа жегіледі.

Биыл маусымда үкімет «Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қоғамдық талқыға шығарған.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »