Новости на Newstaraz.

Жаңаөзенде жалақы өсіруді талап еткен мұнайшылар ереуілді тоқтатып, жұмысқа шықты

newstaraz.kz

Жаңаөзенде жалақы өсіруді талап етіп, өткен аптадан бері ереуілдеткен «МұнайФилдСервис» пен «Бұрғылау» компанияларына мердігерлік қызмет көрсететін екі компания: «MADIBA» мен «Фиркрофт Инжиниринг Сервис Лимитед Қазақстан» жұмысшылары талаптарының орындалғанын хабарлады.

Қаланың екі бөлігінде ереуілдеткен екі компания жұмысшылары 29 сәуірден бастап жұмысқа шыққан.

МФС-ке қызмет көрсететін «MADIBA»-ның жиырма шақты жұмысшысы бұған дейін 80-90 мың теңгелік айлығын 180-200 мың теңгеге дейін өсіруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді.

– Бізге кеше әкімнің орынбасары келіп, МФС бас директоры мен еңбек инспекциясы, сосын кеңесшісі бар, төртеуі келіп, жиналыс жасап, жиналыста барлығы төленетінін ескертіп айтты. Жұмысқа шығу керектігін ескертті. Сүйтіп, бүгіннен бастап жұмысқа шықтық. Сол жөнінде протокол алдық, – деді ереуілшілердің бірі Жеңіс Бопилов Азаттық тілшісіне.

«MADIBA» компаниясының директоры Ғалымжан Қаржаубайұлы да жұмысшылардың талаптары орындалғанын растады.

– Жалақы мөлшері «Қазмұнайгаздың» индексациясына байланысты. ҚМГ келісті. Қазір есептеп жатыр, – деді компания басшысы 29 сәуірде түстен кейін Азаттық тілшісіне. Оның сөзіне қарағанда компанияда 27 жұмысшы бар. Солардың барлығының жалақысы көбейеді.

«Фиркрофт» жұмысшылары да 29 сәуірден бастап жұмысқа шыққанын растады. Олар Азаттыққа 28 сәуір күні болған еңбек дауына қатысты хаттаманың көшірмесін де көрсетті.

– Қаңтардан бастап төленген жалақыларды қайта есептеп, төлейді. Бұрғылаудағы тарифтермен теңестіріп береді. 13-жалақы, материалдық көмек сияқты нәрселер жүрмейді де, айлық «Бұрғылау» жұмысшыларыныкымен тең болады. Балалар мәз. Бүгіннен бастап бәрі жұмысқа шығып жатыр, — деді жұмысшылардң бірі Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін жұмыс беруші «Фиркрофт» компаниясы ереуілшілерді сотқа берген еді. Мұнайшылардың сөзіне қарағанда, «Фиркрофт» 50 жұмысшының үстінен түсірген арызды қайтарып алған.

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек кодексіне енетін түзетулерді мақұлдап, соған сәйкес аутсорсинг компания қызметкерлері өздерін жалдайтын кәсіпорын қызметкерлерімен тең жалақы алуы тиіс болған. Ал жаңаөзендік мұнайшылар бұған дейін кодекс ережелері орындалмай жатыр деп шағымданған еді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »