Новости на Newstaraz.

Жас Сарбаз әскери патриоттық қозғалысы –Түркі елдерінің жастарымен бірге

newstaraz.kz

Бүгін түгел түркінің төрі саналатын қасиетті Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің көш бастар жастарының алқалы жиыны өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев қатысып, сөз сөйледі. Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен өткен іс-шарада Жас Сарбаз әскери–патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев түркістандық әскери–патриоттық клуб мүшелерімен бірге қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған алқалы жиынға түркітілдес елдерден онлайн режимде 300-ден астам өкіл қатысты.

— Өскелең ұрпақтың қуатты әлеуеті, кәсіби және жеке өсуге ұмтылысы жоғары. Күнделікті мәселелерге жаңа көзқарас, ойлау қабілеті көбінесе дұрыс шешімдерді табуға көмектеседі. Осындай кездесулер болашағымызға жақсы серпін береріне сенемін, — деп бөлісті «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша жетекшісі Аружан Шекербек.

Түркі әлемінің рухани астанасында ұйымдастырылған бұл іс-шара бауырлас елдердің болашақ байланыстарын бекемдей түседі деп сенеміз.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »