Новости на Newstaraz.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендерге сақтандыру төлемі қарастырылған

newstaraz.kz

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, Шымкент ҚПД Анықтау басқармасымен «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР 2003 жылғы 1 шілдедегі №446 Заңында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Осыған орай, жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқан, дене жарақатын алған және материалдық залал келтірілген жайттары бойынша жоғарыда көрсетілген Заң талабына сәйкес, сақтандыру төлемі қарастырылған.

Сонымен, осы Заңның 24-бабына сәйкес, (Сақтандырушының жауаптылық шектері)

1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға алып келсе:

қаза табуға – 2 000 АЕК; (6 360 000 тг)

мүгедектiктiң:

бірінші тобы белгіленсе – 1600 АЕК;

екінші тобы белгіленсе – 1200 АЕК;

үшінші тобы белгіленсе – 500 АЕК;

мүгедектігі бар балаға – 1 000 АЕК;

Мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспауға;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Заңның 26-бабына сәйкес, (Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi)

1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.

2. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.

Жоғарыда көрсетілген процедура қоғамдық көмектесушілерге жүгінбей тікелей жәбірленушінің өзі немесе оның өкілі тікелей сақтандыру компаниясына жазбаша арызбен жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

Барлық қажетті ақпараттарды сақтандыру компанияларыңыздан білсеңіздер болады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »