Новости на Newstaraz.

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған

newstaraz.kz

2023 жылдың басынан 1 сәуірге дейінгі аралықта 4575 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, қандастардың жартысынан астамы (52,4 пайыз) Өзбекстаннан, 19,3 пайызы Қытайдан, 13 пайызы Ресейден, 6,3 пайызы Түркіменстаннан, 5,3 пайызы Моңғолиядан және 3,7 пайызы өзге де елдерден келген.

– Олар негізінен Алматы (27,9 пайыз), Маңғыстау (13,9 пайыз), Түркістан (6,8 пайыз) және Жамбыл (5 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9 пайыз), Астана (11 пайыз) және Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанды, – деп хабарлады еңбек министрлігі.

Келгендердің 69,1 пайызы еңбекке жарамды жаста, 22,3 пайызы еңбек жасына толмаған, 8,6 пайызы – зейнет жасындағылар.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, 1991 жылдан бері 1 миллион 111,1 мың қазақ тарихи отанына оралған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »