Новости на Newstaraz.

Үйлестіру кеңесі Сарыағашқа оралып, кеден айналасындағы мәселелерді қайта талқылады

newstaraz.kz

Бүгін Түркістан облысының прокуратурасы жанындағы заңдылықты, құ-қықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үй-лестіру кеңесі Сарыағаш ауданына оралып, көшпелі отырысын қайта өткізді.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен өткізілген Үйлес-тіру кеңесінің жұмысына облыс әкімі мен сот төрағасы, құқық қорғау және уә-кілетті органдарының бірінші басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші сұрақ ретінде Кеңес мүшелері облыстағы эт-носаралық келісім мәселелері бойынша уәкілетті органдардың атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігін қарап, ұлтаралық келісімді реттеу және этностар арасында қақтығыстардың алдын алу және болдырмау жолдарын талқылады.

Екінші сұрақ бойынша өткен жылы Сарыағаш қаласында өткізілген Үй-лестіру кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды құзырлы органдардың орындау жағдайларына баға берілді.

Кеңес отырысында Н.Әбдіров кеден маңында қалыптасқан проблемалар өңіріміз үшін маңызды сұрақтардың бірі болып табылатынын атап өтіп, құзыр-лы органдардың жыл көлемінде сол төңіректе белең алып жатқан заңсыз валю-та айырбастау, ретсіз сауда жүргізу, заңсыз миграция мен жолаушы тасымал-дау орындарын ретке келтіру жөнінде берілген тапсырмаларды орындаусыз қалдырғанын тілге тиек етті.

Баяндама жасаған облыс прокурорының бірінші орынбасары А.Пашаев: «Оңтүстік аумақтарда алаяқтық, пәтер ұрлығы, тонау, қарақшылық пен есірткі затының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар өскен. Бұл жөніндегі ста-тистикалық мәліметтер — құзырлы органдардың қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының тиімсіздігін көрсетіп отыр», — деп атап өтіп, кеден айналасындағы бірқатар заңсыздықтардың тыйылмай жатқанын баянда-ды.

Шетел азаматтарының көші-қон саласында жалған карточкаларды пайда-лану деректері көбейген. Шекара қызметі осындай заңсыздықтарға қатысты 2018 жылы – 62, 2019 жылы – 249 фактіні тіркеген.

Кеден бекеттерінен өтіп жатқан жүк көліктері сапасыз тексерілуде.

Мәселен, «Атамекен» кеден бекеті арқылы 2019 жылы Өзбекстан Респуб-ликасынан Қазақстан Республикасына 4 765 дана ауыр жүк көліктері жалпы салмағы 93 106 тонна қиыршық тастарын тасымалдаған.

Елге қиыршық тастарды әкеп, көліктің жанар-жағармай багының кон-струкциясын өзгерту арқылы 1 тонна көлеміндегі жанар-жағармайды Өзбек-стан Республикасына өткізуді жүзеге асырып келген.

Мысалы, дайындаушы зауыт шығарған «КамАЗ» 55111 маркалы жүк көлі-гінің стандартта көзделген багының көлемі 250 литрді құраса, Өзбекстаннан келген осы көліктерінің бактары 1000-1500 литрге арналып, қайта жабдықтал-ған.

Көрші елде Қазақстан Республикасына қарағанда жанармайдың әр литрі 50 тенгеге қымбат. Ал науқан кездерінде Қазақстан Республикасының жергі-лікті аудан тұрғындары үшін жанар-жағармай тапшылығы туындап, үлкен мә-селеге айналуда.

Кеден бекеттері маңында орналасқан автотұрақтардың жағдайы да сын көтермейді. Типтік түрде салынбаған және антисанитариялық жағдайлардағы автостанцияларда тиісті рұқсаты жоқ және техникалық талаптарға сәйкес кел-мейтін көлік құралдары күнделікті жолаушыларды тасымалдауда.

«Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» пен «Қонысбаев» кеден бекетте-ріндегі ретсіз сауда орындары және валюта айырбастау пунктері әлі күнге де-йін заң талаптарына сәйкестендірілмеген.

Жыл бойы осы және басқа да мәселелерге жауапсыздықпен қараған құ-зырлы органдардың лауазымды тұлғалары аталған мәселелер тұрғысында бер-ген есептері мен жауаптары тындалып, оларға берілген тапсырмаларды орын-дау турасында қатаң нұсқаулар жасалды.

Ахуалды түзету мақсатында облыс прокуроры өз міндеттерін талапқа сай орындамаған лауазым иелерінің жауаптылығын қатаң түрде қарауды ұсынып, кеден маңында қалыптасқан проблемалық жұмыстарды қайта қарауды тапсыр-ды.

Түркістан облысының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »