Новости на Newstaraz.

Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалған қыздарды анасына қайтарды

newstaraz.kz

Шымкент қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 8 жастағы екі қыздың жоғалып кеткені туралы арызданған. Анасының сөзінше: “ Балалары «Нұрсәт» ықшам ауданындағы би үйірмесіне автобуспен барған. Содан кейін олар байланысын тоқтатыпты. Ал, тәрбиешілерге телефон соққанда ол қыздардың сабаққа келмегенін біліп, дереу полицияға жүгінген.

Жоғалған бүлдіршіндерді іздеуге шұғыл түрде Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды түгелімен тінтіп, түрлі куәгерлерден жауап алды.

Нәтижесінде, Шымкент қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жасөспірімдердің дұрыс емес аялдамадан түскендерін анықтады. Анықталғандай, олар жолда ұйықтап қалып, аялдамаларын өткізіп алған. Тәртіп сақшылары қыздарды аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Мегаполис тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларына жауапкершілік танытып, олардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін бақылауды күшейтуге шақырады. Әр ата-ана өз баласына деген жауапкершілікті жіті түсінгені жөн. Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »