Новости на Newstaraz.

Тараздағы «зорлау оқиғасы» бойынша үкім: Айыпталушы 25 жылға сотталды, оған кастрация жасалады

newstaraz.kz

24 қаңтарда Таразда Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «мектеп дәретханасында оқушыны зорлады» деп айыпталған тұрғынға үкім оқылды.

Судья Кенжеғали Кенжебеков 38 жастағы азаматты 25 жыл бас бостандығынан айырып, оған химиялық кастрация жасауды үкім етті. Бұған қоса сот айыпталушыны жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне Жамбыл облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәмелетке толмаған баланы зорлау бойынша тергеу ісі Қылмыстық кодекстің 120 («Зорлау») және 121-баптарының 4-тармағы («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық») бойынша жүргізілді. Соттың баспасөз қызметінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Бұл іс бойынша сот қаңтар айының ортасында басталған.

Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескергендіктен сот процесі жабық өтті.

2019 жылдың 15 қарашасында Тараздағы мектеп ауласындағы дәретханада мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің мәліметінше, «күдікті көп ұзамай тұтқындалып, кінәсін мойнына алған». Жәбірленуші күдіктіні таныған. Полицейлер видеокамерадағы бейнежазбаның көмегімен күдіктіні тұтқындағанын айтқан.

Осы істен кейін облыстағы лауазымды қызметте отырған бірнеше басшылар қызметтен кеткен. Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева және оқиға болған мектеп директоры орнынан кетіп, облыс басшысы Асқар Мырзахметовке ескерту берілді.

Қылмыстық кодекске сәйкес, химиялық кастрация «кәмелетке толмағандарды зорлады» деген айып тағылып, қылмысы дәлелденген 18 жастан асқан тұтқындарға қолданылады.

Желтоқсан айында ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Зорлау» бабымен сотталған төрт азаматқа химиялық кастрация қолдану үкімі орындалып жатқанын хабарлаған.

2019 жылы шілде айының соңында Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорламақ болды» деген айыппен сотталған ер адамға химиялық кастрация шарасын қолдануға үкім еткен.

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап химиялық кастрация жасау туралы заң күшіне енген.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »